Коммуникативтік, ұйымдастырушылық, практикалық және оқыту шеберлігі дағдыларын жетілдіру мақсатында 1-ші жыл ревматолог- резиденттері Серикова Талшын мен Бақытова Анель ” Резиденттен студентке ” әдістемесі бойынша оқыту шеңберінде шетелдік бөлімшенің 435 топ, жалпы медицина факультетінің студенттері үшін “Остеоартрит” тақырыбы бойынша сабақ өткізді (осы топ оқытушысы, профессор міндетін атқарушы Горемыкина М.В. жетекшілігімен).
Сабақ барысында Остеоартриттің клиникалық, зертханалық, аспаптық диагностикасы және емдеу принциптері талқыланды.
Сабақ жоспарына мыналар кірді:
- Викторина түрінде студенттердің жазбаша сауалнамасы.
- Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде “Остеоартрит” тақырыбы бойынша арнайы ревматологиялық терминдерді үйрету.
- Клиникалық жағдайға негізделген CBL әдісін қолдана отырып тақырыпты талдау.
Сабақ аяқталғаннан кейін 435 топ студенттерінен де, сабақ өткізген резиденттерден де оң кері байланыс алынды.
“Семей медицина университеті” КеАҚ Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы
maiya.goremykina@smu.edu.kz[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]