2023 жылдың 19 қазанында «Балалар ауруларының пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті Рахимбаева Салтанат Жәнібекқызы «Педиатрия» мамандығының 2432 тобымен «Рухани келісім күні» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Куратор сағатының негізгі мақсаты студенттерге осы тақырып бойынша ақпарат беру, елімізде және әлемде болып жатқан өзгерістерді талқылау болды. Халқымыздың үлкенге құрмет, отбасына құрмет, балаға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, бірлік сынды игі ортақ құндылықтары мемлекетімізде берік орныққан. Еліміздің өркендеуінің себебі -халқымыздың татулығы мен бірлігі. Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев демекші: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен татулық, татулық пен келісім – басты байлығымыз», біз азаматтардың діни сезіміне құрметпен қарауымыз керек, бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – басты құндылығымыз екенін әрбір адам түсінуі керек.