Скандинавтық жүріс – емдеу әдісі ретінде

Скандинавтық жүріс – емдеу әдісі ретінде

Қазан айының 27-ші жұлдызында  «Күміс университеті» жобасы аясында қалалық «Ұзақ өмір сүру» орталығының қатысушыларына «Скандинавтық жүріс- емдік әдіс ретінде»  атты тақырыпта  іс-шара өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы және жүргізушісі Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Қанатбекова А.Қ. болды. Алдымен емдік әдіс ретінде скандинавтық  жүріс  туралы презентация жасалды.  Жақында пайда болған таяқпен жүретін бұл скандинавтық жүріс   біздің қаламыздың  тұрғындарын қызықтыра бастады. Шынында да, оның кез келген жастағы адам ағзасына  комплексті әсерін  бағалау өте маңызды. Бұл жаяу жүрістің  көптеген атаулары бар – оны скандинавтық, норвегиялық, солтүстіктік, финдік таяқпен жүру деп те атайды, дегенмен бұл жүрістердің   барлығы да бір түрге жатады.   Скандинавтық  жүріс шаңғы таяқтарына ұқсас арнайы таяқтарды  қолдануды қажет ететін жаяу спорттық жүріс болып табылады.

Скандинавтық  жүрістің  денсаулық  потенциалын  жоғары көтеретіні туралы     дәрігерлер маңызды зерттеулерді жариялады. Шындығында, таяқтармен  жүру кезінде арқа мен иық белдеуінің  бұлшықеттері өте жақсы жаттығады, ал мысалы жүгіру кезінде дененің жоғарғы жартысының бұлшықеттері аз қатысады.

Презентациядан кейін Қанатбекова  А.Қ. ниет білдірген зейнеткерлермен   тәжірибелік  бөлімді жасады. Барлық зейнеткерлер скандинавтық жүріс   жаттығуларына ынтамен және үлкен қызығушылықпен қатысты. «Ұзақ өмір сүру» орталығындағы қатысушылардың әрқайсысы жаттығуларды орындағаннан кейін энергиямен, оптимизммен және денсаулықпен қуаттанды . Т.А. Назарова  атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен болған іс –шара  тамаша  достық шай ішумен аяқталды!

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.

Жарияланды: