28.10.2023 жылы ішкі аурулар және ревматололгия кафедрасының оқытушылары резиденттермен бірлесе отырып «СМУ» КеАҚ №3 студеннтер үйінде «Энергетикалық сусындар – мифтер мен шындық» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді.Соңғы уақытқа дейін «энергетикалық сусындардың» стандартты анықтамасы болған жоқ. Олар жұмысқа қабілеттілікті жоғарылататын құрамында кофеин, витаминдер мен басқа да пайдалы заттары бар алкоголсыз сусын деп қабылданған. Энергетиктер өндірушілерге ірі табыс әкеліп; нарықты игеріп алды.
Бұл кездесуде резидент-ревматологтар энергетикалық сусындардың пайда болу тарихы туралы ақпарат бере отырып; жастар арасында энергетиктерді қолданудың статистикасын келтірді. Энергетикалық сусындардың құрамы, ағзадағы нысаналы нүктелері, әсер ету кезеңдері туралы түрлі – түсті материалдарын қолдана отырып резидент-гастроэнтерологтар айтып берді. Резидент – нефрологтар энергетикалық сусындардың жанама әсерлері туралы баяндады.
Жасөспірімдер мен жастарға энергетиктерді қолданудың қауіптілігін атай отырып, әр мамандықтың резиденттері өздерінің аздаған жұмыс тәжірибелерінен мысалдар келтірді.
Дөңгелек үстел өткізу барысында резиденттер студенттерге энергетиктер туралы буклеттер таратып берді
Кездесу соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осы кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты ассистенті Селгазина М.Б.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]