2023 жылдың 27 қазанында Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Капанова Г.К. ЖМФ 426 топ студенттерімен «Көпұлтты мемлекетті нығайтудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Әңгімелесу барысында студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі қағидаттарымен, оның Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігін қамтамасыз етудегі орасан рөлімен, сондай-ақ мемлекеттің ішкі саясатына ықпалымен таныстырылды. түсіндірілді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстардың ұлттық бірегейлігі мен қоғамдық келісімін сақтау – қазақстандық қоғамның прогрессивті дамуына ықпал ететін Ассамблея жұмысының басты басымдығы екені атап өтілді.