Республика күні және Қазақстан халықтары Ассамблеясы күніне арналған кураторлық сағат

Республика күні және Қазақстан халықтары Ассамблеясы күніне арналған кураторлық сағат

2023 жылдың қазан айының 26-сы күні симуляционды және білім беру технологиялары кафедрасында 3419 ЖМ тобының кураторы Смагулова Ж.И-мен Республика күні және Қазақстан халықтары Ассамблеясы күніне арналған кураторлық сағат өтті. 25 қазан еліміз үшін Қазақстан тарихында ең маңызды күннің бірі болып табылады. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздерін жариялаған және де еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Алғаш рет аумағымыздың тұтастығы, беріктілігі  және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетінің дамуы, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттік қағидалар бекітілді. Түрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы бірлік пен келісімді сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі үлкен рөл атқарады, себебі еліміздегі 120-дан астам ұлт өкілдерінің қарым-қатынасындағы байланыстырушы буын болып табылады. «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз. Әртүрлілік ол бірлік» – бұл ел ішінде де, шетелде де әртүрлі жағдайларда біздің Республика азаматтарының санасын нығайтады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: