«Интерннен студентке» бағдарламасы

«Интерннен студентке» бағдарламасы

Стоматология факультетінде «Ортодонтия» пәні бойынша «Интерннен студентке» бағдарламасы аясында 602 топ интерндері (оқытушысы – доцент Абралина Ш.Ш.)  501 тобына (оқытушысы-Мұхтар М .Р.) «Тіс-жақ аномалияларын диагностикалау әдістері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер бір-бірімен ақпаратты неғұрлым қолжетімді форматта бөлісіп, қызықты презентациялар мен кейстер әзірледі. Дәріс тақырыпты меңгеруде қиналатын студенттерге ғана емес, сонымен қатар импровизацияланған оқытушыларға да пайдалы болды.

Осылайша, студенттер өздері оқып жатқан пәнді одан да жақсы түсіне бастайды, терминдерді қолдана отырып, өз пікірлерін тұжырымдау дағдыларын игереді, сонымен қатар коммуникативті дағдылары мен сөйлеу мәдениетін дамытады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі