01.11.2023ж- 02.11.2023ж. күндері «СМУ» КЕАҚ үлкен конференц залында Жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары Садыкова Л.К., Жакупбекова Э.А. және университет психологы Назым Ерсенқызының ұйымдастыруымен «Еңбек адамы» адал еңбек қағидасы, жастар арасындағы лудомания мен ойынқұмарлықтың алдын алу тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасындағы кеңінен өріс алған, құмар ойындар мен компьютерлік ойындардың таралуын азайту.
Отырыс барысында, студенттермен еңбек адамы дегеніміз кім, адал еңбек деген не, жастар арасындағы лудоманияның көбею себебі неде деген? сұрақтарға пікірталас өтті. Сонымен қатар, Лудомания – адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойынқұмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратып қана қоймай, сондай-ақ рухани тұрғыда да азғындататыны жайлы айтылды. Университет психологы Назым Ерсенқызы «Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу шаралары» тақырыбына дәріс оқып, шағын видео көрсетті.Соңында студенттердің пікірлері тыңдалды.[/vc_column_text]