2023 жылдың 18 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 3103 тобының студенттері топ кураторы Жазыкбаева Л.К.мен бірлесіп, «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «әртүрлілікте бірлік» қағидаларын енгізу іс-шарасы аясында , Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған ашық кураторлық сағат өтті.Кураторлық сағат – бұл ағымдағы және болашақ жобалар туралы ақпаратпен бөлісетін, сондай-ақ бізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын ашық шара.ҚХА кураторлық сағаттар ұлттық мәдениеттерді дамыту және оларды сақтау, этностардың қазақ қоғамына кірігуі мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыруға да ықпал етеді. Осы іс-шаралардың арқасында ел тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен мақсаттары туралы неғұрлым толық түсінік алып, оның жобаларын жүзеге асыруға да өз үлесін қосуда.