23-24 қазан күні Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен Халықтың әлеуметтік осал топтар үшін әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жобасы шеңберінде Семинар – кеңес өтті.
Семинардың мақсаты-Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік 8 қызмет бойынша қызметтерді көрсету,оңалту және де мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Семинарға еліміздің әр облысынан,қалалардан әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларынан және мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтарынан және Ұлттық ғылыми орталық өкілдері қатысты.
Тусупова Д.М атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р бастауымен 1 курс резидент-реабилитологтары семинарды тыңдауға ат салыса қатысты.
23 қазан күні- Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директорының орынбасары Ш.А.Булекбаеваның “Мүгедектерді техникалық көмекші өтемдік оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірудегі әлеуметтік қорғауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының рөлі.Микрооңалту орталықтары атты” тақырыбынды семинарды 1 курс реабилитологтары тыңдап білімдерін ары қарай жетілдіре түсті.
24 қазан күні семинардың 1 секциясына 1 курс резидент реабилитологтары Нургазина Акбота , 2 секциясында Жолумбетова Макпал,3 секцияда Хасенова Балнур,4 секцияда Сатыбалдинова Данара семинарға қатысып қосымша жаңа ақпарат алып,білімдерін шыңдай отыра жаңа әріптестермен танысты.
Бұл орталық кафедраның клиникалық базасы болғандықтан резидент-реабилитологтар үшін семинарға қатысып, білімін толықтыру медициналық-әлеуметтік көмекті жетілдіруге бағытталған көптеген жаңа идеялардың туындауына септігін тигізді.
Сатыбалдинова Данара Сауленбековна.[/vc_column_text]