02.11.2023 ж. КЕАҚ “СМУ” Семей қаласының ЖТД кафедрасында 5215 топ студенттерінің қатысуымен “Қазақстан халқы Ассамблеясы” тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
Кураторлық сағатта Ассамблеяның барлық маңыздылығы талқыланды. Еліміздің болашағы үшін Ассамблеяның қосып жатқан үлесі өте биік.[/vc_column_text]