Иммуноглобулиндерге (немесе антиденелерге) негізделген дәрі-дәрмектер бұрыннан белгілі. ХХ ғасырдың басында науқастардың қан сарысуы негізінде дифтерияны емдеуге арналған препарат ойлап табылды. Қазіргі уақытта иммуноглобулиндер әртүрлі жұқпалы аурулармен – кене энцефалитімен, цитомегаловируспен, стафилококкпен күресу үшін, сондай-ақ аллергиясы бар және бастапқы иммунитет тапшылығы бар науқастарға терапия ретінде қолданылады. Иммуноглобулиндер сонымен қатар жүйелі қызыл жегі, Гийена – Барре синдромы немесе Кавасаки синдромы сияқты аутоиммунды аурулармен күресуге көмектеседі. Бүгінгі таңда фармацевтика көптеген иммундық препараттарды ұсына алады. Бірақ дәрігерлердің алдында келесі сұрақтар бар: не тағайындау керек, қашан, тиімділікті қалай бағалау керек және т. б.
6 қарашада “Иммуноглобулин негізіндегі дәрі-дәрмектер” тақырыбына дөңгелек үстел өтті, оған иммунологтар, клиникалық фармаколог, инфекционистер қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: иммунологтар доцент, м.ғ.к. Ф.Ягофаров, м.ғ.к. Д.Б.Козубаева, Абдрахманова Г.Ж. клиникалық фармаколог м.ғ.к. Р.Е.Тулеутаева, инфекционистер доценттер, м.ғ к. Г.И.Нуралинова және С.Б. Маукаева дөңгелек үстел жұмысына ересектер бөлімшесінің инфекционист-дәрігерлері, иммунолог-дәрігерлер, “Жұқпалы аурулар”, “Аллергология және иммунология”, “Клиникалық фармакология” мамандықтары бойынша резиденттер, ЖПД интерндері. Талқылау барысында биологиялық препараттардың түрлері, фармакотерапия және фармакодинамика, емдеу дозалары мен курстары, оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, емдеудің тиімділігін бағалау және т.б. сияқты мәселелер қозғалды.