Кураторлық топ студенттерінің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына баруы

Семей қаласының өлкетану мұражайы – еліміздің ірі және көне мұражайлардың бірі. Семей тарихи-өлкетану мұражайы 1883 жылы құрылған. Мұражайдың дамуына белгілі қазақ ақыны Абай, философ және ойшыл Шәкәрім, танымал жазушы Мұхтар Әуезов зор үлес қосқан. 1978 жылдан бастап Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бұрынғы губернатор тұрған ғимаратта  орналасқан.

2023 жылдың 08-қарашасында ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы  молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы Г.Р. Ибраева “Педиатрия” ББ 1231 кураторлық тобының студенттерімен Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Семей қаласының өлкетану мұражайының экспозиция залдары заманауи сенсорлық құрылғылар, кең экранды проекторлар және теледидарлармен жабдықталған, бұл мұражайға келушілерді қала мен облыс тарихының таңғажайып және қызықты әлемімен танысуға мүмкіндік береді. Мұражай экспозициялары бұрынғы Семей қаласының тарихы мен оның мәдениетін сипаттайтын көптеген экспонаттардан тұрады. Қазіргі уақытта мұражай қорында археология, этнография, палеонтология, нумизматика, зоология, флористика, минералогия бойынша жүз мыңнан астам түрлі экспонаттар бар. Мұражай топтамасында фотоқұжаттар, тарихи және тұрмыстық заттар, қолжазбалар, шолулар, естелік кітапшалар және мекен-жай күнтізбелері бар. Мұражайдың басты көрме залында әр түрлі тақырыптағы көрмелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Экскурсовод М.А. Закимов “Палеонтология және геология”, “Археология және этнография”, “Туған өлкенің табиғаты”, “Қала және өлке тарихы”, “Тәуелсіздік жылдарындағы Семей”, “Алаш қозғалысы және Алаш қаласы туралы”, “ҰОС жылдарындағы Семей”, “Семей ядролық қарусыз әлеммен бірге”, “Өлкетану мұражайының тарихы” атты көрме залдарында экускурсия жүргізді.

Мұражайға барған әр адам қызықты фактілермен танысады, әрі экспонаттарды, мәдени-тарихи ескерткіштерді өз көзімен көре отырып, туған елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттырады. Кураторлық топ студенттері рухани тұрғыдан байып, мұражайға барғандарына ризашылықтарын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір