Семей қ. ЖДТ кафедрасындағы Студенттік ғылыми үйірменің жиыны

Семей қ. ЖДТ кафедрасындағы Студенттік ғылыми үйірменің жиыны

2023- жылдың 08- қараша күні Семей қ. ЖДТ  кафедрасында профессор қ.а, м.ғ.д. М.С. Қазымов студенттік ғылыми үйірменің жиының өткізді. Жиын барысында ЖМ ББ 5- курс студенті Еркешов Бауыржан Анарбекұлы өзінің «Pocket GD» атты стартапының көрсетілімін жасады.

Инновациялық технологиялар болашақ медицинаның ажырамас бөлігі болып саналады және қазіргі күннің өзінде АҚШ, Қытай сонымен қатар Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесінде белсенді түрде қолданылып жатыр. «Pocket GD» стартап командасы әлемдік нарықтың ірі IT саласының державаларымен бәсекелесе алатын деңгейге жетеді деген сенімдеміз.

Баяндаманың соңында қатысқан студенттер мен профессорлық- оқытушылық құрам арасында дискуссия болып, қатысушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, жылы лебіздерімен бөлісті.

ЖДТ кафедрасының СҒҮ- не жауапты доцент Курумбаев Р.Р.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар