08.11.2023 Ж. Абай облысының орталық Жедел жәрдем станциясының медицина қызметкерлері үшін қызылшаның алдын алу бойынша семинар өткізілді. Қазіргі уақытта “ересектердегі жұқпалы аурулар” пәнінде оқитын “жалпы медицина” факультетінің 5427 тобының студенттері Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Дәріскерлер халық арасында, оның ішінде жүкті әйелдерде қызылшаны ерте анықтау, аурудың ауырлығын анықтаумен тиімді сұрыптау мәселелерін атап өтті. Қызылшаның алдын алуға және осы инфекцияға қарсы вакцинацияның маңыздылығына бөлек тоқталды.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]