Академиялық адалдық және студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу

Академиялық адалдық және студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу

Әскери кафедрада 2023 жылғы 8 қарашада запастағы медицина қызметінің подполковнигі аға оқытушы А.В.Матыцин 4319 топта «Академиялық адалдық және студенттер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу»тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағатты өткізу барысында студенттердің назары «Семей медицина университеті» КеАҚ оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылатынына бағытталды.

Білім беру үрдісіндегі академиялық адалдық студенттерден адалдық, өзара сенім, ашықтық, студенттер мен оқытушылар арасындағы кері байланыс, студенттердің құқықтарын, бостандықтары мен теңдігін құрметтеу, сондай-ақ, университет қабырғасында өзін қалай ұстау керектігін білу, этика негіздері, оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелері сияқты қасиеттерді талап етеді.

Академиялық адалдық ережелерін сақтау және оларды бұзғаны үшін бірдей жауапкершілік – әр студенттің міндеті.

4319 топ студенттері[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]