Мен және менің құқығым

Мен және менің құқығым

2023 жылдың 3 қараша  күні  “Медицина” мамандығының  1218 тобымен “Мен және менің құқығым”тақырыбының аясында Семей қаласындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасында, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ой-пікір сағаты өткізілді. Шара барысында студенттердің сұранысына сай қажетті сұрақтар талқыланып, керекті ақпараттар ой талқыға түсті. Полиция қызметкері Бақдаулетов Мади Дәулетұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл – кеңесін ұсынды. Шара соңында кітапхана қызметкері Асхатқызы Айым пікір-таласқа белсене қатысқан оқырмандар мен арнайы уақыт бөліп келіп, көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізген мейманға алғысын білдірді.

«Құқығыңды қорғай біл!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорында сақталған, аталмыш тақырып аясындағы әдебиеттер, газет – журналдар, мақалалар көпшілік назарына ұсынылды. Осы шарада өз пікірімізді талқылап және жаңа ақпараттар алып қайттық.

1218 старостасы :Бағзорова Аяулым

Куратор: Мұздыбаева Толқын Абдығалымовна[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз