«Russian speaking club»студенттеріне арналған сабақтар

«Russian speaking club»студенттеріне арналған сабақтар

2023 жылдың 8 қарашасында «Russian speaking club» студенттеріне арналған сабақ өтті, оған университетімізде интернатура бағдарламасы бойынша оқуды жоспарлап отырған студенттер қатысты. Кездесулер шетел кафедрасының медицина мектебінің деканының және «Russian speaking club» жобасының жетекшілері Белеуханова К.М., Ковилина Р.А. бастамасымен алғаш рет өткізіліп отыр. Студенттерге сабақ барысында ОМ, стоматология және педиатрия мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған еріктілер көмектесті. Сабақты ағылшын тілі бөлімінің оқытушылары, жоба қатысушылары – Р.Р. Олжаева, Р.Т. Дінжуманова дайындап, өткізді (профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы). Студенттер орыс және ағылшын тілдеріндегі сөздер мен сөз тіркестерінің қосымша глоссарийлері бар клиникалық жағдайларды алдын ала алдып, сабақ барысында олар қант диабеті, панкреатит және асқазан-ішек жолдарының патологиясымен науқасты жалпы тексеру, сұхбат алу және науқастың шағымдары мен негізгі белгілерін түсіну дағдыларын талдап, бекітті. Студенттердің үлкен қызығушылығын, талпыныстарын және бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткіміз келеді.

Р.Р. Олжаева, Р.Т. Дінжұманова

Рубрикалар: Оқушылар