Студенттік бастама

Студенттік бастама

2023 жылдың 6 қарашасы мен 7 қарашасы 1106 медицина және 1308 стоматология мамандығының студенттері куратор А.Б.Букатаевамен бірге  университеттің негізгі дәстүрлі, салтанатты шараларының бірі «Студенттік бастама» өткен Абай театрында болды.

Бұл күні бірінші курс студенттері жақсы оқуға, университет жарғысын ұстануға, оның дәстүрін қастерлеуге және өз Альма- матер даңқын арттыруға салтанатты түрде ант берді.

Бірінші курс студенттеріне  арналған  мерекелік концерттік бағдарламамен, жалынды билермен және студенттеріміздің кәсіби ән орындауымен безендірілді. Студенттер көп позитивті және жағымды энергия алды.

Жарияланды: