Біздің университеттің әскери кафедрасында әскери-патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылады, оның мақсаты студенттердің әскери ар-намысын, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриотизмін және туған жерін қорғауға деген батылдығын ояту болып табылады.
Осыған байланысты, 10 қараша 2023 жылы, кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі
А.В. Матыциннің жетекшілігімен 4319 топтың студенттері 3D онлайн форматта Астана қаласының «Әскери-тарихи мұражайына» саяхат жасады. Студенттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, 4319 топ студенттері Ұлы Отан соғысының батыры, қазақстандық Бауыржан Момышұлы туралы тарихи бейнероликті тамашалады.
Сабақ соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісті.
4319 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]