Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру бойынша жоғары білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие процесінде «біз әртүрліміз, бірақ теңдейміз», «бірлігіміз әралуандықта» қағидаттарының іске асыру туралы хат жолдаған болатын.
Осы ретте, Қазақстан халқының ассамблеясының (ҚХА) қызметіне, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған кураторлық сағаттар өткізу мақсатында Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлық топтары арасында, Қазақсатанның көршілес елдерінің ұлттық тағамдарымен танысу көрмесі өтті. Бұл шараға “Медицина” ББ 1217, 1219, 1220 және “Педиатрия” ББ 1230,1231,1233 кураторлық топтары белсене қатысты. Кафедрамыздың оқытушысы Ғалымбеков Даулет Жанарбекұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі деген ұстаныммен – деп сөз бастай отырып, студенттерге шараның мақсаты туралы айтылды. Көрмеде қазақ, өзбек, орыс, түрік, армян және корей елдерінің ұлттық тағамдары, және олардың салт – дәстүрлері туралы айтылды. Әр топ өзіне қарасты елдің ұлттық тағамының ерекшеліктерін, және сол елдің салт – дәстүрі туралы мағлұмат берді. Кураторлық топтар көрме соңында әр елдің тағамынан ауыз тиіп, әр тағамының өзінің ерекшеліктері бар екендігі туралы айтты. Студенттер бұл шараның өте ұнағандығы туралы айтып, ризашылықтарын білдірді.
Есентаева А.М., ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы[/vc_column_text]