2023 жылдың 2 қарашасында физиологиялық пәндер кафедрасында студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті. Алғаш рет үйірме отырысында «Жалпы медицина» мамандығының 1-3 курс студенттері арасында макет байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің шығармашылық дамуына, олардың терең ойлауын қалыптастыруға және ғылыми зерттеу деңгейлерін ашуға қолайлы жағдай жасау және дамыту. Байқаудың әділ-қазылар алқасының құрамында: физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Рахыжанова С.О., ассоцирленген профессор Уразалина Н.М., аға оқытушысы Құсайынова К.Т., МБСББ әдіскері Мейрамқан М.А. және университеттің СҒБ төрағасы «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті Биболов Е. қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Рахыжанова С.О айтты. Байқауға «Heart breaker», «Глицин», «Азоттық негіздері», «Vita et mors» және «Twins» атты 5 команда қатысты. Әділ –қазылар алқасы мен қатысушы студенттердің назарына қалыпты жағдайдағы және патологиялық жағдайдағы мүшелер мен мүшелер жүйесінің макеттері ұсынылды. Команда студенттері макеттерді жасауда өте жауапкершілікпен және тиянақты орындады. Байқау 3 кезең бойынша өтті: бірінші кезең – макеттің орындалу идеясын ұсыну және бейнеролик көрсету, екінші кезең – жұмысты ауызша қорғау, үшінші кезең – таңдалған макеттің тақырыбы бойынша білім деңгейін тексеру. Байқау қатысушыларына сұрақтар қойылды. Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтайды. Келесі командалар жеңіске жетті. Әділ –қазылар алқасының мүшелері байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды жариялады. Келесі командалар жеңімпаз атанды:
1 орын, «Vita et mors» командасы, 2121 топ ЖМ.Игисинова А., Оспанова А., Жұмабай А.
2 орын, «Twins» командасы, 3223 топ ЖМ. Қалиғожина З., Қалиғожина З.
3 орын, «Глицин» командасы, 3404 топ ЖМ. Садвакасова Г., Отарбек А.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік макет презентациясы» номинациясы бойынша 3404 топтың «Азоттық негіздері» командасы, педиатрия факультетінің студенттеріТамызғазина З., Мұқашева А., Алимжан Б., Сержан А. «Шығармашылық көзқарас» номинациясы бойынша 1121 тобының «Heart breaker» командасы ЖМ студенттері Калиев С., Қамажанов А., Марат Е., Қажыкенова Д., Нехорошева А.жеңімпаз атанды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Байқауды ұйымдастырушыларға Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткеріТ.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы медицина магистрі А.Қ.Қанатбековаға және СҒҮ старостасы «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті М.Калеловаға алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]