Халық қаһарманы

Халық қаһарманы

Алғаш Рейхстагқа жеңіс туын тіккен  Қазақстанның Халық Қаһарманы  Рақымжан Қошқарбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Н.С. ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті.

4422 тобының студенттері Ринатқызы А., Қалидоллаева Н., Айтқұлов А. батырымыздың өмірбаяны, соғыс кезіндегі ерліктері, жеңіс туын тігудегі ерлігі жайлы және берілген марапаттары жайлы әңгімелеп берді.

Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралды.

Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді!

                                                                      4422 топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір