Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі

Тәрбие жұмысы аясында, күнделікті тұрмыста қауіпсіздік дағдыларын, өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт кезіндегі әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру мақсатында, 01 қараша 2023 жылы, әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, кафедрада білім алушылар, Семей қаласының «Өрт қауіпсіздігінің техникалық орталығы» мұражайына саяхат жасады.

Біз Қазақстанның алғашқы өрт сөндірушілер тобының тарихымен, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, тәсілдерімен, өртке қарсы қызмет міндеттерімен таныстық,    көптеген  фактілерді білдік, өзімізді қызықтырған сұрақтарға жауаптар алдық.

Қызықты да, танымды шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

                                                     4222 топ студенттері[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір