Бүгін «Семей медицина университеті» КеАҚ-да Дүниежүзілік Ғылым күніне және «СМУ» КеАҚ-ның 70 жылдығына арналған «Медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудағы жас ғалымдардың заманауи жетістіктері» атты Жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. конференцияға шетелдік жас ғалымдар да қатысты.
Онлайн және оффлайн форматта қатар өткен конференцияға Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен шетел ғалымдары (Жапония, РФ), сондай-ақ барлық деңгейдегі білім алушылар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура) қатысты.
Конференцияның басында «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор А. А. Дюсупов сөз сөйледі. Конференцияға қатысушыларды құттықтай отырып, Алтай Ахметқалиұлы оларға ғылыми-зерттеу қызметінде табыс және қойылған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарды еңсеруді тілейтінін жеткізді.
Конференция мынадай секциялар бойынша өтті:
– Хирургиялық практика мен хирургия ғылымының өзекті мәселелері.
– Заманауи терапия: тенденциялар мен әлеуметтік қажеттіліктер.
– Денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық-қиындықтар мен мүмкіншіліктер.
– Студенттік ғылыми қоғам секциясы
Конференция соңында қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.