2023 жылдың 6-ші және 7-ші қарашада «СМУ» КеАҚ «Студенттерді қабылдау кешіне» 1121 жалпы медицина, 1305 стомотология факультетінің студенттері қатысты.
Кіре берісте қонақтарды 2 курс студенттері қарсы алды. Сондай-ақ, фонда жанды музыка да ойнап тұрды. Залға кірген кезде әр топтың орындары жазылып қойылған.
Кеш басында Басқарма төрағасы – ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлының құттықтау сөзімен басталды. Студенттерге мамандықтың маңыздылығына тоқталып, алдағы сапарларына сәттілік пен шыдамдылық тіледі. Алтай Дюсуповтың үш тілде құттықтауы студенттерге құрметпен қарауымен қатар, мотивация берді деп ойлаймын.
Бүкіл залды жандандырған бейнероликті көрсеткен Альянс ұйымынан басталды. Студенттердің айтуынша, ең есте қалған концерттік нөмірлер:
- «Қыздарский» командасынан КВН. Олар бүкіл залдың күлкілі әзілдерімен көңіл-күйін көтерді. 2. Ең есте қалатын қойылым 1309-ші тобынан Османов Омар мен Саратова Карина әні болды. Олардың орындауы өте жарқын және талғампаздықпен алынған. 3.Ұлы ақындардың ескі шығармаларын орындаған домбырашылардың жекпе-жегін де атап өткім келеді, бұл студенттерге үлкен әсер қалдырды. Басқа елден келген студенттің қазақ тілінде әнді орындауы есте қаларлық, әрі шынайы болғаны сонша, бұл кештен кейін тек жылы әрі, жағымды эмоциялар қалдырды. Кеш соңында барлық студенттер Гиппократтың қасиетті антын қабылдады және олар ресми түрде «СМУ»КеАҚ студенттері атанды.
Қорытындылай келе, студенттеріміз кешті тамашалай отырып, студенттік өмірді жарқын және қызықты етіп көрсететін талантты және болашағы зор студенттерге толы екенін көрді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]