«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Н.С. басшылығымен, 03 қараша 2023 жылы, кафедраның 4222 топ студенттері қазіргі заманғы әскери техника мен қару-жарақтың негізгі түрлерімен танысу мақсатында Гарнизондық Офицерлер үйіне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери даңқ мұражайына барды.
Әскери Гарнизондық Офицерлер үйінің қызметкерлері мұражай экспонаттарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ, қазақстандықтардың Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы интернационалдық борышын өтеуге қатысуы туралы және де Ұлы Отан соғысы жайлы көптеген жаңа ақпараттар берді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
4222 топ студенттері[/vc_column_text]