2023 жылдың 6-мен 10 қараша аралығында «Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының оқытушылары Берсимбаева Г.Б., Канапиянова Г.Б., Петрова Ю.В., Ботабаева А.С., Селгазина М.Б №4 студенттер үйінде кезекшілік өткізіп, студенттер тұратын бөлмелерді аралап, студенттердің жаңа жатақханадағы тұрмыстық жағдайымен танысты. Студенттердің бөлмелері жылы, таза. Жуынатын бөлмелері орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілген. Тұрмыстық бөлмелерінде кір жуғыш машиналар, электроплиталар, тоңазытқыштар жұмыс жасап тұр. Кезешілік кешкі уақытта өтті. Бұл кезде студенттер сабақтарынан келіп, тұрмстық бөлмелерде кешкі астарын әзірлеп, кірлерін жуып, бөлмелерін жинастырып жатқан кездері. Кафедраның қызметкерлері жатақхананы аралау кезінде студенттермен дұрыс тамақтану туралы әңгімелер жүргізді. Медик – студенттердің барлығы фаст фудтар, газдалған және энергетикалық сусындардың зияны туралы білетіні – қуантарлық жағдай. Студенттердің басым көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанып, жеткілікті мөлшерде етті тағамдар мен көкөністерді, жеміс – жидетерді қоланып, дұрыс тамақтанады. Әңгіме барысында кафедраның оқытушылары студенттер қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Студенттер тарапынан университеттің әкімдігіне шағымдары жоқ.
«Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М.Б.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]