2023 жылдың 10 қарашасында Семей қаласының Медицина университетінің қабырғасында «Дүниежүзілік ғылым күніне және университеттің 70 жылдығына» арналған «Медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудағы жас ғалымдардың заманауи жетістіктері» атты жас ғалымдар арасында халықаралық қатысумен «Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы» өтті. Бұл конференцияға балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы да белсенді қатысты. Сонымен, кафедра меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж. жетекшілігімен пленарлық отырыста ЖМ мамандығы 5 курс студенті Сағындықова Гүлім баяндамамен, құрметті 1 орынды иеленді. Сондай-ақ секцияда: «Студенттік ғылыми қоғам» балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Абаева Қ.Д. жетекшілігімен ЖМ мамандыңы 3310 тобының студенті Жолдыканов Ислам Бейбітханұлы тамаша өнер көрсетіп, құрметті үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды университет басшылығы ректор А.А.Дюсупов марапаттады.
Категориясы: Ғылыми конференциялар мен іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу