3-5 қараша аралығында, Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қабырғасында жыл сайынғы MedUSE республикалық олимпиадасы өтті.
Семей Медицина Университеті, KazMSA жергілікті комитеты, бұл додада жүлделі үшінші орынға ие болды.
Олимпиада қорытындысы:
1 орын – Қазақстан-Ресей медицина университеті;
2 орын – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті;
2 орын – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
3 орын – Семей медицина университеті.
Олимпиадаға университетімізден делегаттар екінші рет қатысты.
Бұған дейін 3 жыл бойы СМУ осы республикалық олимпиаданың ұйымдастырушысы болды.
MedUSE – негізгі медициналық пәндер мен практикалық дағдылар бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің интеллектуалды және ғылыми дамуы, Қазақстан Республикасының медициналық студенттері үшін бәсекелестік орта құру, үздік жетістіктерді көрсету және студенттер арасында тәжірибе алмастыруды жолға қою.
Олимпиада IV турды қамтыды:
I тур. Әртүрлі пәндер бойынша тест арқылы теориялық білімдерін тексеру, оның ішінде: патологиялық физиология, фармакология, патологиялық анатомия және пропедевтика.
II тур. Ребус, ауруды анықтау, сипаттамасын, патогенезін, этиологиясын және емделу шараларын жазу.
III тур. 4 бағыт бойынша клиникалық дағдылар:
1) Педиатрия;
2) Хирургия;
3) Пропедевтика;
4) Гинекология.
IV тур. Лапароскопия, қатысушылар лапароскопиялық тренажерларда өз шеберліктерін көрсетті.
“Семей медицина университеті” КеАҚ студенттері осы олимпиадаға қатысу мүмкіншілігі үшін университет әкімшілігіне алғыс білдіреді.