Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн АИТВ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыруға және осы пандемиямен күресте халықаралық ынтымақтастықты көрсетуге арналған. 2023 жылдың 2 қарашасында стоматология факультетінің 504-ші тобының студенттері АИТВ және ЖИТС-пен күресу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді. Топ кураторы Қасенова Гүлжан Лесбекқызымен бірге олар “Радиотехника және байланыс” колледжінде болып, студенттерді АИТВ және ЖИТС туралы хабардар етті, сондай-ақ осы аурулардың таралу жолдары, диагностикасы және алдын алу туралы әңгімеледі. Дәріс соңында брошюралар таратылып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Қорытындылай келе, біз болашақ дәрігерлер инфекцияның таралуын азайту мақсатында адамдарға осы ауру туралы хабарлау міндетін сезінеміз. Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

