Өскемен қаласы ЖДТ кафедрасының ассистенттері Ахметова С.С. және Нигманова Г.Е және 726 топ интерндері Асылбекова Н, Амреев Т, Нұрбаева Л, Токенова А, Токенов Ә, Аскаров А, Қанағатов А, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің студентеріне « Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері » туралы дәріс өткізді. Дәрісте энергетикалық сусындар туралы деректер, олардың әлемде пайда болу тарихы, тұтынушылардың өнімнен күтулері сипатталды, сондай-ақ энергетикалық сусын тұтынушысының типтік портреті бейнеленген және энергетикалық сусындардың нарығына баға берілді. Энергетикалық сусындардың құрамдас бөліктерінің құрамы мен қасиеттері медициналық тұрғыдан жан-жақты көрсетілді, сахароза, кофеин, таурин, глюкуронолактон және т.б. сияқты компоненттердің ағзаға әсер ету нәтижелері талданды.
Сондай-ақ дәріс барысында денсаулыққа зияны мен қаупі туралы ақпарат беріліп, заңнамалық реттеу мәселелері де талқыланды. Сондай-ақ жастар арасында электронды темекіні пайдалану тақырыбы көтерілді. Материал электронды темекіні пайдаланудың зияны туралы, электронды темекі шегу қатерлі ісік, өкпе және жүрек ауруларын тудыруы және құрылғыны бірнеше адам қолданғанда аса қауіпті асқыну гепатит пен туберкулезді жұқтыруы мүмкін екендігі туралы қолжетімді тілде айтылды.
Бұл 2023 жылы Өскемен қаласындағы ЖДТ кафедрасы мен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің бірлескен бірінші жобасы, студенттермен тағы бір кездесу жоспарланды.
Конференцияның тамаша ұйымдастырылғанын атап өтуге қуаныштымын. Өте қызықты есептер, позитивті және интеллектуалды орта. Біз одан әрі ынтымақтастықты күтеміз!»[/vc_column_text]