Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары

Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары

2023 жылдың 27 қыркүйегінде Абай облысының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» оқу бағдарламаларының 1-2 курс студенттеріне «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары»тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Абай облысының Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі ЕспаеваГауһарСерікқызы, Абай облысы прокуратурасының заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры Смайылов Айдос Серікұлы және облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Найля Рымбекқызы заманауи синтетикалық препараттар, дәріхана нашақорлығы мәселелері туралы айтты. Студенттер есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарымен таныстырылды, бет белгілерді, веб-сайттардың атаулары жазылған парақшаларды таратқаны үшін айыппұлдар және синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы ескертілді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар