«Семей қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК қарасты «Жас өмір» жастар денсаулық орталығында 2023 жылдың 8 қарашасында дерматовенеролог м.ғ.к. Әділғожина С.М., психологтар А. Т. Қасымова, К. А. Сағандықова және әлеуметтік қызметкер К. К. Базылжанова СМУ КеАҚ ЖМ 5331 топ студенттеріне «ЖЖЖИ алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және сақтық шаралары мәселелері қарастырылды:
- Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу. Жыныстық серіктестер неғұрлым аз болса, ауру қаупі соғұрлым төмен болады.
- Жыныстық қатынасқа түсер алдында серіктесіңізде ЖЖБИ белгілерінің бар-жоғына назар аудару (жаралар, бөртпе, қызару, ағу) және күдікті нәрсе байқалса, жыныстық қатынастан аулақ болу.
- Жеке гигиена нормаларын сақтау, өйткені олар бұзылған жағдайда сіз тіпті үйде де кейбір ЖЖБИ-ны жұқтыру мүмкін. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштары жыныс мүшелерінің, ауыздың және тік ішектің теріге және шырышты қабаттарына микроскопиялық зақымдану арқылы енуі мүмкін.
Бұл тақырып өзектілігіне байланысты таңдалды. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу соңғы жылдары айтарлықтай прогресске қол жеткізді және кейінгі ұрпақ үшін маңызды болып қала береді. Студенттік қоғамдастықтың денсаулығын қолдау арқылы бұл ақпарат өз денсаулығын сақтауға және инфекциялардың таралуын болдырмауға қабілетті саналы және жауапты ұрпақты қалыптастыруға көмектеседі. Семей қаласының жастары біздің орталықтан білікті дәрігерлік және психологиялық көмек ала алады. Кез келген сұрақтар бойынша “Жас Өмір”Жастар денсаулық орталығына хабарласуға болады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]