Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні 14 қараша қант диабеті туралы халықтың денсаулығының мәселесі және аурудың алдын алу, диагностикалау және басқаруды жақсарту үшін қажет ұжымдық және жеке әрекеттер туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік береді. 15 қарашада профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында (мұғалімі Олжаева Р.Р.) стоматология мамандығының 201 топ студенттерімен осы ауруды білу, алдын алу және алдын алудың маңыздылығы туралы әңгіме өтті. Дене белсенділігін арттыру керек; дұрыс тамақтану принциптерін сақтау; артық салмақтан құтылу; темекіні тастау. Өкінішке орай, топтағы студенттердің туыстары мен достары осы аурумен ауырады. Кафедра мүшелері мен «Стоматология» мамандығының 201 тобы студенттерінің атынан қауіп факторларын, аурудың алдын алуды ұмытпауларыңызды және есте сақтауларыңызды, өз денсаулығыңызға, отбасыңыз бен достарыңызға мұқият болуларыңызды тілейміз. . Адамның денсаулығы – оның ең қымбаты. Онымен ештеңе салыстыруға келмейді: байлық та, қоғамдағы лауазым да, атақ та. Бұл табиғаттың бізге берген нағыз әшекейі. Олжаева Р.Р.