Нашақорлық,темекі шегу,маскүнемдік-қоғамдық дерт

Нашақорлық,темекі шегу,маскүнемдік-қоғамдық дерт

2023 жылдың 7-қараша күні “Жалпы медицина”мамандығының  1218 топ студенттер арасында темекі шегумен, маскүнемділікпен, нашақорлықпен күресу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кураторлық сағат өткізілді.

Жалпы темекі шегу,маскүнемділік пен нашақорлық жастар арасында көп кездеседі. Жасөспірімдер өздерінің қызықтарын қанағаттандыру үшін өмірлерін құртып жатқандарын түсінбейді.Қазіргі кезде  электронды темекілер өте ауқымды мәселелердің бірі болып табылады,көптеген жасөспірімдер “бұл заттың зияны жоқ” деген ақпаратты естіп медицина  мамандарының шынайы пікірлеріне сенбейді ,нәтижесінде көптеген балалар ауруханаға өкпе ауруларымен түсуде.

Кураторлық сағатта осы ауқымды мәселе бойынша әрбір студент өзінің пікірлерін білдіріп,ой бөлісті

1218 студенті: Ғалымбекова Гүлназ

Куратор:Мұздыбаева Толқын Абдығалымовна.