2023 жылдың 11 қарашасында әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А. В. Матыцин бастаған 4319 топ студенттері Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына барды.
Бұл мұражай- Қазақстанның ірі мұражайларының бірі болып табылады. Мұражай 1940 жылы құрылған.
Қазіргі уақытта ол Абай облысының Семей қаласында, Абай және Үржар аудандарында қазақ халқының атақты тұлғаларына арналған 8 мұражайды біріктіреді және рухани орталық, халықтың мақтанышы болып табылады.
Экскурсия барысында студенттер жазушы Абай өмірі туралы мағлұматтар алып, балалық шағынан бастап, егжей-тегжейлі білді.
Ақынның өмірі және оның жетістіктері туралы ақпарат алған студенттер, ұзақ уақыт бойы өз әсерлерімен бөлісті.
Жалпы медицина мамандығының 4319 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]