15-28 жас аралығындағы жастарға қолжетімді медициналық көмек, білікті психологиялық көмек туралы

15-28 жас аралығындағы жастарға қолжетімді медициналық көмек, білікті психологиялық көмек туралы

2023 жылдың қараша айында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары- Амангелиева Г. М., Муфтиева Г. М. және ЖМ 3101, 3205 тобының студенттері “Жас Асыл” Жастар орталығының 2 емханасында “15-28 жас аралығындағы жастарға қолжетімді медициналық көмек, білікті психологиялық көмек туралы” тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізді. Жастар орталығының қызметкерлері-психолог және гештальт-терапевт өзекті мәселелер бойынша пікірталас өткізді. Қазіргі заманғы медициналық және социологиялық зерттеулер жасөспірімдердің денсаулығының нашарлауын және жас ұрпақ арасында аурудың үдемелі өсуін көрсетеді. Жас ұрпақ қолжетімді медицина мен білікті психологиялық көмекке үйретілуі, ақпараттандырылуы және өз деректерінің құпиялылығына сенімді болуы тиіс. Студенттер пікірталастарға белсенді қатысты, еркін түрде талқылаулар өткізді және сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер қол жетімді медициналық және білікті психологиялық көмек туралы білімдерін толықтырғанын атап өтті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]