«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 3 қараша 2023 жылы әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай, 4422 топ студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатында батырымыздың өмірбаяны, жауынгерлік және қайраткерлік ерлік жолы, даңқы жайлы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берілді.
Дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған ұлт мақтанышы – Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы мәңгілік ел есінде.
Ізгілік, құрмет, тағзым – бұл біздің батырымызға деген ықыласымыз.
Ерлікке тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың басты парызы!
4422 топ студенттері[/vc_column_text]