2023 жылдың қараша айының 14-і күні Абай театрында «Семей медицина университеті» КеАҚ Шетел мектебінің білім алушылары Дивали мерекесіне арналған кеш өткізді. Дивали – қазан айының аяғы мен қараша айының басында тойланатын Үндістанның ұлттық мейрамы. Ізгіліктің зұлымдықты, мейірімділіктің қатігездікті, жарықтың түнекті жеңген күні деп сипатталады.
Мерекелік кеште сөз сөйлеген «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов студенттерді құттықтап алдағы ғұмырларының шуаққа толы, жарық болуын тілейтінін айтты.
Кеш барысында Дивали кезінде орындалатын негізгі рәсімдер көрсетіліп, мерекенің мазмұны жайлы театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Мұнымен қатар, үндістандық студенттер өздерінің ұлттық билерін билеп, ән шырқап, өнерлерін паш етті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]