06.11.2023 ж Абай облысы, Облыстық балалар ауруханасы СМУ КеАК Университеттік Гостпитальінің педиатрия, отоларингология, травматология, хирургия, бет-жақ хирургиясы бөлімшелерінде қызылша ауруының алдын алу бойынша санитарлық ағарту жұмысы жүргізілді.
PhD докторы, и.о доцент Ахметжанова Д.О жетекшілігімен Жалпы тәжірибелік дәрігерлер мамандығының 723 топ интерндері қызылша ауруының алдын алуы бойынша санитарлық ағарту жұмысын өткізді. Өз баяндамаларында олар қызылша ауруы бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды, қызылша ауа-тамшылы механизммен берілетін, жоғары контагиозды ауру екенін және жұқпалылық индексі 100%-ға жуық екенін баяндады.
Қызылша ауруының клиникасы және асқынулары толық ашылып, ауруды жұқтырған науқастарға берілетін алғашқы көмек алгоритмі түсіндірілді. Интерндердің айтуы бойынша, қызылша және де өзге басқарылатын инфекцияларға жеке және популяциялық иммунитетті қалыптастырудың кілті – вакцина алу болып табылады.[/vc_column_text]