3-ші қараша күні Д.Түсіпов атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында «Балалардағы анемия түрлерінің салыстырмалы диагностикасы » атты дөңгелек үстел өтті. PhD докторы, и.о доцент Ахметжанова Д.О жетекшілігімен жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығының 723 топ интерндері арнайы заманауи мәліметтер мен емдеу жолдарының әлемдік практикадағы түрлерін талдап, диагностиканың тиімді тәсілдері туралы ақпарат берді. Анемияның балалардағы клиникалық ерекшелігі мен себептерін атап өтті. Қазақстан Республикасы бойынша анемияның таралау жиілігі бойынша ақпарат берілді. Жалпы анемияның асқынуы мен балалардың денсаулығына қауіп-қатері туралы да айтылды.[/vc_column_text]