Халықаралық қант диабетімен күрес күні

Халықаралық қант диабетімен күрес күні

2023 ж.14 қарашада Д.М.Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитация кафедрасы оқытушылары Ж. К. Дәулетжарованың және М.С. Назарбекованың жетекшілігімен “14 қараша Халықаралық қант диабетімен күрес күні” тақырыбына арналған 715,716-топ интерндерімен санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара “Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды реабилитация және оңалту орталығы” КММ базасында ересектер бөлімшесінде өтті. Бұл санитарлық – ағарту жұмысының мақсаты науқастарға қант диабеті туралы хабардар болуын арттыру, осы аурудың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге назар аударту. Іс-шара соңында науқастарға ақпараттық білім беру материалдары/ буклеттер, жадынамалар таратылды: «Қантты диабеттің профилактикасы және алдын алу үшін не маңызды»; «Қантты диабет кезіндегі өзін-өзі басқару»; «Қант диабетін ерте анықтауға арналған скрининг»; «Қант диабеті»; «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алудың негізі».[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар