2023 жылдың 15 қарашасында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 топ студенттері мен топ кураторы (Жазықбаева Л.Қ.) «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл оқиғаның маңыздылығы, ең алдымен, Қазақстанды жақында ғана шарпыған қызылша індетімен айқындалады. Кураторлық сағатта студенттер осы аурудың патогенезі, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, емі мен алдын алудың барлық егжей-тегжейлерімен танысты. Қызылшаға қарсы екпенің маңыздылығына және оны жүзеге асыру мерзімдеріне ерекше назар аударылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын да қоя алды.
Студенттер 4403 гр., Жалпы медицина, куратор доцент Жазыкбаева Л.К.[/vc_column_text]