“Қоғамдық денсаулық” кафедрасында 13 қарашада оқытушы МукушеваА. А. фармация 202 топ студенттерімен фармацияны басқару және экономикасы пәнінен ашық сабақ өкізді. Сабақты өткізу форматы осы пәннің негізгі құзыреттерін игеру мақсатында анықталды. Студенттер берілген тапсырмалар бойынша жобаларды орындады. Зерттеу барысында білім алушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылықты, тақырыпты терең түсінуді көрсетті. Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, ұсынылған материалға өз көзқарастарымен бөлісті. Жобаларды бағалау үшін кафедра оқытушылары шақырылды. Ашық сабақ негізгі ойларды қорытындылаумен және фармацевтикалық ортадағы басқару мен экономиканы түсінудің маңыздылығын көрсетумен аяқталды.