2023 жылдың 16 қараша күні Мәскеудегі «Ресей Қорғаныс министрлігінің студенттеріне арналған мектеп-интернаты» Кадет корпусында «Цифрлық білім беру ортасындағы білім беру және тәлімгерлік» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Жұмыс барысында цифрлық ортадағы білім беру үдерісінде болып жатқан өзгерістерге талдау жасалды, студенттер мен тәлімгерлердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту құралдары анықталды, оқыту мен тәрбиелеудің цифрлық ортасында оқу процесін модельдеу мысалдары ұсынылды, цифрлық кеңістік арқылы азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың жекелеген аспектілері мен тәсілдері талқыланып, білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбиені жүзеге асырудың формалары мен педагогикалық технологиялары талқыланды.
Пленарлық мәжілісте «Цифрлық білім беру ортасын пайдалана отырып, студенттердің жалпы білім беру құзыреттілігін қалыптастыру «Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім береу пәндер кафедрасының тәжірибесінен» тақырыбында, «СМУ» КеАҚ жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Уранхаева Гүлмира Тельманқызы бейнебаяндама жасады. Студенттердің жалпы білім беру құзыреттіліктерін дамытудың тиімді құралы ретінде Семей медицина университетіндегі цифрлық білім беру ортасының жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Уранхаева Г.Т.[/vc_column_text]