Халықаралық студенттер күні қарсаңында 2023 жылдың 15-ші қараша күні Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ҚР ғылым және жоғары білім министрі жанында Республикалық студенттік Кеңес отырысы өтті. Іс-шараға Республикалық студенттер кеңесінің мүшелері, Қазақстан студенттері альянсының аймақтық төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және өңірлік студенттік омбудсмендер қатысты. КеАҚ «Семей медицина университеті» атынан Абай облысының өңірлік омбудсмені 4 курс студенті Тельжанов Қуаныш, студенттік ректор Еркінқызы Аружан, «Қазақстан Студенттер Альянсы» ұйым төрағасы Серикказин Қуаныш және Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бұл кездесуге қатысты. Кездесу барысында министр белсенді жастар мен өңірлік омбудсмендер алдында сөз сөйлеп, студенттік уақыт жастардың оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартапта дамуға ең жақсы уақыт екенін атап өтті.
«Құрметті студенттер, бүгінгі таңда сіздерге жан-жақты даму үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Айта кету керек, біздің жастар өте шығармашыл, дарынды, білімді. Өз білімдеріңізді дұрыс жолға бағыттап, тәрбие және жоғары білімді қалыптастыру арқылы сапалы әрі қызықты контент жасау қажет .Соңғы жылдары жас қазақ ғалымдары тамаша ғылыми жетістіктер көрсетіп, өмірдің әртүрлі салаларында жаңалықтар ашуда. Біздің міндетіміз студенттерге өз әлеуетін іске асыруға барынша жағдай жасау және таланттар мен нәтижелерді қоғамға көрсетуге көмектесу.», – деді Саясат Нұрбек.[/vc_column_text]