Болашақ жас ұрпақтың еншісінде: жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу

Болашақ жас ұрпақтың еншісінде: жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу

Шығыс өңірінің әскери прокуратурасы Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен әскери кафедралардың студенттері арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын- алу мақсатында түрлі іс-шаралар жүйелі түрде  өткізіліп тұрады.

21 қараша 2023 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында білім алушы медицина мектебінің  3516 топ студенттерімен «Нашақорлықтың алдын- алу  және есірткі қылмысымен күресу» атты әңгіме сағаты  өткізілді.

Сұхбат өткізуге Шығыс өңірінің әскери прокуратурасының өкілдері келді:

– Шығыс өңірінің әскери прокуратурасының аға прокуроры      әділет майоры Дюсенбаева Еркежан Меллатовна;

– Шығыс өңірінің әскери прокуратурасының прокуроры әділет лейтенанты Еменова Нәзира Ерболқызы.

Бұл шараның мақсаты:

– студенттерде құндылықтық, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастыру;

– есірткі және синтетикалық заттарды пайдалану, тарту әрекеттеріне қарсы тұру тәсілдеріне үйрету;

– өз пікірін қалыптастыру және оны қорғау.

Білім алушылармен сұхбат- құқық бұзушылықтың алдын- алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Шара соңында түрлі құқықтық тақырыптар бойынша қызу сауалдар алмасу болды.

“Семей медицина университеті” КеАҚ әскери кафедрасының цикл бастығы

 запастағы полковник Р. Мамықанов

Әскери кафедра әдіскері А. Жумагелдина[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір