Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі

21.11.2023 жылы 101, 201 «Мейіргер ісі» тобының студенттері Р.М. Қисина, М. Б. Болатова кураторларымен бірге Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Қазақстанның ең көне және ірі мұражайларының бірі-Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1883 жылы саяси жер аударылғандар-халық сарбаздарының бастамасымен құрылды.

Әр уақытта музейдің қалыптасып, дамуына ұлы Абай, оның талантты шәкірті, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердиев, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтер қолдау көрсеткен. Музей құрылғалы 8 рет қоныс аударған екен. 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін музей 1895 жылдары салынған генерал – губернатор үйінің ғимаратында орналасқан. Революция және азаматтық текетірес кезінде бұл ғимарат «Бостандық үйі» деп аталған. Осы ғимаратта 1917 жылы Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейханов қала тұрғындарымен кездескен. Сол жылы осы ғимаратта қазақтардың бірінші облыстық съезі өтті. Съезде Қазақ автономиясын құру туралы шешім қабылданды.

Музей қоры саяси жер аударылғандар мен жергілікті зиялылардың жеке коллекцияларымен толтырылғаны музей тарихынан белгілі. ХХ ғасырдың басында, яғни, Орыс географиялық қоғамы Батыс – Сібір бөлімі Семей бөлімшесі құрылған кезеңде музей қорында 2489 жәдігер болды. Оның көбі (427 дана) тарихтың ерте және орта дәуіріне жататын жәдігерлер еді. Олар бүгін де музейдің алтын қоры болып есептеледі.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамында қалалық мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей» экспозициялық залы және Абай ауданы Қарауыл ауылындағы, Үржар ауданы Үржар ауылындағы және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы мұражай филиалдары бар.

Студенттер тарихи-өлкетану мұражайына баруға риза болды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: