7RO1155 «Балалар стоматологиясы» резидентурасы бойынша тәлімгерлік

7RO1155 «Балалар стоматологиясы» резидентурасы бойынша тәлімгерлік

Медициналық білім беруді дамытудың қазіргі тенденцияларына сай кәсіби маманның клиникалық дайындығына қойылатын талаптар жоғары. Қазіргі білім берудегі инновациялар ғасырында тәлімгерлік зор сұранысқа ие. Кәсіби құзыреттерге қол жеткізу клиникалық тәлімгердің басшылығымен клиникалық, стоматологиялық базада – практикалық жағдайларда резиденттердің практикалық дағдыларын пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі. Стоматологиялық пәндер және ТЖК кафедрасында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 7RO1155 «Балалар стоматологиясы» резидентурасы бойынша оқыту жүзеге асырылуда. «Балалар стоматологиясы» резиденттері клиникалық тәлімгердің, жоғары санатты дәрігер, стоматология саласында 30 жылдан астам еңбек еткен тәжірибесі мол балалар стоматологы Г.Т. Ахметованың басшылығымен өздерінің практикалық құзыреттерін дамытуда. Академиялық тәлімгер доцент Ш. Ш. Абралина кері байланыс орната отырып тұрақты бағалау жүргізеді. Ол сондай-ақ резиденттің жеке жоспарының орындалуын бақылауды ЖББ және негізгі пәндер каталогына сәйкес жүзеге асырады. Өз жұмысында клиникалық тәлімгер «СМУ» КеАҚ резидентінің клиникалық тәлімгері туралы ережені» басшылыққа алады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар